Тұран университеті University of Economics – Varna (Bulgaria) университетіне оқытушылық ұтқырлықты қаржыландыру үшін Erasmus + грантын алды

Құрметті әріптестер,

Тұран университеті University of Economics – Varna (Bulgaria) университетіне бір оқытушылық ұтқырлықты қаржыландыру үшін Erasmus + грантын алды.

 

Оқытушылық ұтқырлықтың ұзақтығы – 5 күн.

 

Талаптар:

  • Бағыт – Economics, Marketing, Management, Tourism.
  • Дәріс оқу үшін ағылшын тілін еркін меңгеру.
  • Ағылшын тілінде 8 сағаттық дәріс / семинар курсын әзірлеу.

Үміткерлер Тұран университетінде ішкі конкурстық іріктеуден және University of Economics-Varna, Bulgaria комиссиясымен онлайн – әңгімелесуден өтетін болады.

 

1-ші турға қатысу үшін қажетті құжаттар:

  • CV ағылшын тілінде,
  • Дәрістің ағылшын тіліндегі презентациясы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 2021 жылдың 1 қарашасына дейін халықаралық ынтымақтастық бөліміне жіберу қажет: g.kuttybaeva@turan-edu.kz.

Online қабылдау