«Бакалавриат ББ бойынша Ашық есік күні» іс-шарасы аясында 2021 жылғы 30 қазанда Алматы қаласының түрлі мектептері мен колледждерінің оқушылары үшін ” Ашық есік күні ” өтті. Кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті және оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Кәсіптік бағдар беру шеңберінде мектеп және колледж оқушылары “Тұран” университетіндегі түрлі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысты. “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының белсенділері де шетте қалмады және кездесу барысында оқушыларды оқу процесіне, оқу құнына, жеңілдіктерге, гранттарға, академиялық ұтқырлыққа, ЖОО-ның халықаралық ынтымақтастығына және т. б. қатысты мәселелер бойынша хабардар етті.