2021 жылғы 10 қарашада “Құқықтану” мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистранттар үшін “Экономиканы, мемлекет пен қоғамды цифрландыру” және “Заң қызметін цифрландыру” тақырыбында қонақ дәрістер мен практикалық сабақтар өткізілді. Дәрістерді Орехово-Зуево қ. (Ресей Федерациясы) Гуманитарлық-техникалық мемлекеттік университетінің з.ғ.к., доцент Л.В. Сокольская дайындап өткізді.
Ғылыми-практикалық ақпарат және негізгі ережелердің практикалық бекітілуі тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды, олар оқу материалын ұсынудың мазмұндылығы мен бірегейлігі үшін алғыстарын білдірді.
Кәсіби қызметті цифрландыру саласындағы педагогикалық тәжірибе мен заманауи жетістіктермен ғылыми-практикалық алмасудың ұйымдастырушысы құқық ҒЗИ және з.ғ.д., профессор Жанузакова Л.Т., сонымен қатар, “Тұран” университеті “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының з.ғ.к. доцент Рехсон С.Н. болып табылады.