Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған стратегиялық сессия

2021 жылдың 22 қарашасы «Тұран» университетінде «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры мен «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы Алматы қаласы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Саяси мәдениеттің «қазақстандық моделінің» қалыптасуы және даму ерекшеліктері: Алматы қаласы мысалында» атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.

 

Дөңгелек үстелге Қазақстанның, Украинаның ғылыми-зерттеу және аналитикалық институттарының сарапшылары мен университеттердің ғалымдары, студенттері мен магистранттары қатысты. Соның ішінде ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты саяси зерттеулер орталығының  директоры Әмребаев А.М.; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Саясаттану және саяси технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Насимов Г.Ө.; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ристина И.С.; Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ «Халықаралық қатынастар» кафедрасы меңгерушісі Гүлнаш Асхат; Жаңа геосаясат зерттеу желісінің Азия-Тынық мұхиты бөлімінің жетекшісі Юрий Пойта; «Ақжол» партиясының заңгері Омаров Д.; Азиялық зерттеулер институтының ішкі саясат жөніндегі сарапшысы Сұлтанмұратов Н.; сарапшылар Исаев Ә.У., Қилыбаева Ш., және т.б.

 

Шараға қатысушылар Айдар Әмребаевтың, Қазақстандағы қазіргі жастардың саяси мәдениеті, ересек азаматтардан түбегейлі айырмашылығы бар екендігімен келісті. КСЗИ эксперті Рыстина Индираның пікірі бойынша, қазақстандық жастардың саяси мәдениетінің қалыптасуына мемлекеттегі жағдай ғана емес, сыртқы халықаралық жағдайлар мен ақпараттар да көбірек әсер етіп жатқандығын атап өтті. Саясаттанушы Исаев Әблазиз «Құқық негіздері» және «Саясаттану» пәндерінің барлық жоғары оқу орындарында міндетті түрде оқытылуы, жастардың саяси мәдениетінің артуына оң әсер етеді деп есептейді. Қазақстан мен Украинадағы қазіргі жастардың саяси мәдениетінде ұқсастық көп, деп есептейтін украиналық сарапшы Юрий Пойта, ерекше ой-пікір білдірді.

Online қабылдау