«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Вероника Макарова мен Валерия Пак «Колпин оқулары: балалар-жасөспірімдер туристік-өлкетану форумы» Санкт-Петербург Бүкілресейлік конференциясына қатысып (сәуір, 2021 жыл), қараша айында материалдар жинағында жарияланған үздік мақала байқауында жеңіске жеткені үшін III дәрежелі диплом алды. «Брендинг» пәні аясында жұмыс нәтижелері бойынша жазылған өз мақаласында (оқытушы ғ.т.к. Г.Ш. Файзуллина), Вероника және Валерия қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету саласында Қазақстанның туристік инфрақұрылымына қатысты жағдайды қарастырды. Олар фаст-фуд өнімдерінің бірі ретінде пончиктердің танымалдығы туралы сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері бойынша Алматы облысының туристік әлеуетін дамыту құралдарының бірі ретінде фуд-тректерді пайдалану перспективасы туралы гипотеза ұсынылды.