«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Ару Қапасбек халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасады

2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «шығармашылық кеңістіктегі жастар шығармашылық бірлестіктері: стратегиялар, білім беру ортасы, іске асыру тетіктері» тақырыбындағы конференцияда «Өнер қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын дамыту ресурсы ретінде» тақырыбында баяндама оқылды. Конференцияның мақсаты: креативті индустрияның теоретиктері мен практиктерінің пікірлерін біріктіретін ғылыми форум өткізу арқылы қазіргі ұлттық экономиканың саласы ретінде мәдениетті дамытуда жас ұрпақтың ерекше маңыздылығын анықтау.

 

Сондай-ақ Т.ғ. к. Г. Ш. Файзуллина «Тұран» университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда креативті тәсілдерді қолдану тақырыбында баяндама жасады.

 

Өзекті мәселелерді келесі ұйымдардың өкілдері талқылады:

 

  1. Алматы қаласының креативті индустриялар басқармасы
  2. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы
  3. Қазақстан қолөнершілер одағы
  4. ЮНЕСКО
  5. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
  6. «Тұран» университеті
  7. Қазақ ұлттық өнер университеті
  8. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы
  9. Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институты
  10. Б.Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университеті.
  11. М. Тұрсынзаде атындағы Тәжік мемлекеттік өнер институты
  12. “Целинный” заманауи мәдениет орталығы (Алматы)
  13. “АРТиШОК” Театры (Алматы)
  14. Еуразиялық мәдени альянс (Алматы)
  15. MATA жастар бірлестігі (Алматы)
  16. Көркем зерттеу әдіснамасы мектебі (Бішкек)
  17. ССА Lab (Ташкент)
Online қабылдау