Маркетинг – танымал және жоғары жалақы алатын мамандық. Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтердің алуан түрлілігі бар кез келген кәсіпорынның табысты болуы маркетологтың талантына байланысты.
Маркетолог белгілі бір тауардың сұранысқа ие болатын-болмайтынын және неге екенін бағалайды, өнімді жылжыту жолдарын ұсынады, бәсекелестердің әрекетін бағалайды, зерттеу тобының жұмысын ұйымдастырады, саланы бақылайды және нәтижелерді талдайды, сатып алушылардың қалауын анықтайды, өндіруші мен сатушыға ұсыныстар жасайды.
Оқу формасы және оқу мерзімі: | |
Күндізгі | мектептен кейін – 4 жыл |
Колледжден кейін-бөлім | 3 жыл |
Мамандық коды: | «6В04107- Маркетинг» |
ҰБТ таңдауы бойынша пән: |
мектептен кейін: Математика + География |
колледжден кейін: Экономика негізі + маркетинг | |
Академическая степень: | Экономика және бизнес бакалавры |
Кәсіби қызмет саласы және объектілері
МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша экономика және бизнес бакалавры келесі салаларда талдау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқарушылық (әкімшілік) және білім беру (педагогикалық) қызметті жүзеге асыра алады: салалық және аймақтық нарықтарды зерттеу, әртүрлі меншік түріндегі шаруашылық субъектілердің маркетингтік ортасын зерттеу; кәсіпорынның маркетинг жүйесін жетілдіру; кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын қалыптастыру. Маркетингті қолдану аясы өте кең. Түлектердің кәсіби қызмет объектілері болып табылады: мемлекеттік мекемелер, қызмет көрсету кәсіпорындары, әртүрлі экономикалық, өндірістік және делдал кәсіпорын ұйымдары, халықаралық сауда палаталары, сауда үйлері, көлік және коммуникация, жобалық және ғылыми-зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар, ғылыми-зерттеу, білім беру мекемелері.
Кәсіби қызмет түрлері
МАРКЕТИНГ мамандығы бойынша бакалавр кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады:
Кәсіби қызмет бағыттары:
Graduate School of Business | |
Телефон: |
+7 (727) 260-40-13 (1071,1072,1073,1074)
|
WhatsApp: | +7 777 260-40-10 |
E-mail: | gsb@turan-edu.kz bs.stem@turan-edu.kz |