«Тұран» университетінің PhD докторанттарының шетелдік ғылыми тағылымдамасы

2021 жылғы қараша айында PhD докторанттар тобы тағылымдамадан өту үшін шетелдік серіктес университеттерге кетті.

 

«Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» мамандықтары бойынша оқитын 10 студент Түркия, Стамбул қ. Нишанташы университетінің (Nişantaşı University) экономика факультетінде тағылымдамадан өтуде. Nişantaşı University – Стамбулдың орталығында орналасқан, Түркиядағы ең жылдам дамып келе жатқан жас университет.

 

«Психология» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алатын 8 докторант Түркия, Анталья қ., Анталья Білім университетінде (Antalya Bilim University) тағылымдамадан өтуде. Antalya Bilim University – магистрлер мен ғылым докторларының пәнаралық бағдарламаларын ұсынатын зерттеу университеті.

 

М. Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінде Экономика және Қаржы мамандығы бойынша екі докторант тағылымдамадан өтті.

 

Сондай-ақ, «Экономика», «Құқықтану» мамандықтарының докторанттары Нитрадағы Словак аграрлық университетіне (Нитра қ., Словакия), Bitlis Eren University (Битлис қ., Түркия), Ankara Hacı Bayram Veli University(Анкара қ., Түркия) University of Gdansk (Гданьск қ., Польша) университеттеріне жеке тағылымдамаларға жіберілді. University of Gdansk ресми парақшасында біздің докторанттың тағылымдамадан өткені туралы пікірді мына сілтеме бойынша оқуға болады 

 

«Тұран» университетінің докторанттарының тағылымдамадан өту бағдарламасы ғылыми зерттеулер әдістері, цифрлық ортада ресурстарды іздеу, академиялық жазу бағдарламасы және кітапхана ресурстарымен жұмыс, шетелдік ғылыми жетекшілермен жұмыс істеу бойынша семинарларды қамтиды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлық докторанттарға сертификаттар беріледі.

Online қабылдау