2021 жылдың 11 желтоқсанында «Тұран» университетінің Туризм ҒЗИ қолдауымен «Туризм және сервис» кафедрасы дайындаған «Тау сыбыры» фотокөрмесінің ашылуы өтті. Көрме 2004 жылдан бері жыл сайын аталып келе жатқан Халықаралық Тау күніне арналған. Биылғы тақырып «тұрақты тау туризмі» болды.
Тау туризмін тұрақты дамытудың басты факторларының бірі кәсіби кадрларды даярлау болып табылады. Туризм саласындағы мамандар «Тұран» университетінде 1992 жылдан бастап дайындықтан өтіп келеді. Бұл Қазақстандағы туризм факультетін ашқан алғашқы университеттердің бірі. Іле Алатауының баурайында өтетін студенттердің туристік және спорттық дайындығына ерекше көңіл бөлінеді. Біздің кафедраның көптеген түлектері үшін таулар өмірдің мәні мен кәсіби қызмет алаңына айналады.
Көрменің мақсаты – «Тұран» университетінде тау туризмі бойынша мамандарды даярлау ерекшеліктерімен таныстыру.
Көрмеде «Туризм және сервис» кафедрасының студенттері мен түлектерінің фотосуреттері ұсынылған. «Туризм» бакалавриат және магистратура мамандығының түлегі, талантты фотограф және оператор Виталий Дворецкийдің шығармаларына ерекше орын берілген.
Көрме үш бөлімге бөлінген:
Ашылу салтанатына кафедра түлектері мен оқытушылары, Виталий Дворецкийдің туыстары мен достары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Көрме 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін жалғасады.