«Есеп және аудит» БББ магистранттарының бизнес-серіктестермен кездесуі

«Есеп және аудит» кафедрасы 2021 жылдың 30 қарашасында «АЖУР тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС директоры Джаманкараева Светлана Сатыбалдиевнамен кездесу ұйымдастырды (1 сурет). Магистранттармен кездесу сағат 17.10-да 510 аудиторияда өткізілді. Бизнес-серіктесті магистранттарға “Есеп және аудит” кафедрасының ассоц. профессоры Досаева А.Ж. таныстырды (2 сурет). “Есеп және аудит” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты Рысбек Талшын аудиттегі проблемалық мәселелерге қызығушылық танытты (3 сурет). Тәуелсіз аудитор С.С. Жаманқараевамен кездесу соңында “Тұран” университеті бойынша экскурсия өткізілді (4,5 сурет). Модератор: э.ғ.к, ассоц. профессор Досаева А.Ж.

Online қабылдау