20 мен 24 желтоқсан аралығында «Тұран» университетінде оқытушылар мен докторанттарға арналған «Білім, менталды денсаулық және эмоционалды зият» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинардың спикері ретінде шетелден шақырылған Anglina Ruskin University (Ұлыбритания) профессоры Dababrata Chowdhury сөз сөйледі.
Доктор Чоудхури «Қазіргі заманғы даму және басқару зерттеулері» журналының бас редакторы, «Жаһандық стратегиялық басқару журналы» (JGSM) редакциялық алқасының мүшесі және UCS-тегі «Кәсіпорындар мен басқару зерттеулеріне шолу» (REAMS) редакциялық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ, бес кәсіби ұйымның, соның ішінде Британдық менеджмент Академиясының (BAM) және Шағын бизнес және кәсіпкерлік Институтының (ISBE) сарапшысы.
Семинар аясында қатысушылар эмоцияларды анықтау және түсіну, ойлау мен іс-әрекеттің тиімділігін арттыруда эмоцияларды пайдалану және оларды басқару мәселелерін талқылады. Бүкіл әлемді пандемия жайлаған 2020 жылдан бастап, білім алушылар мен оқытушылардың менталды денсаулық мәселесі өте өзекті болып отыр.