«Sanaly Urpaq» Республикалық жобалық кеңсе басшысының «Тұран» университетіне сапары

2021 жылғы 21 желтоқсанында «Тұран» университетінде «Sanaly Urpaq»  Республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлының университет басшылығы және ұжымымен кездесуі өтті. Кездесуде «Тұран» университетінің ректоры, профессор Алшанов Рахман Алшанұлы кіріспе сөз сөйлеп, университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы ақпарат берді. Токушев Қайыржан Ахметбекұлы «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі қызметінің бағыттары туралы баяндама жасады. Әрі қарай «Тұран» университетінің «Sanaly Urpaq» фронт-офисінің басшысы, университет магистранты Шегебаев Мақсат презентация жасап, сөз сөйледі. Кездесу аясында университетпен таныстыру экскурсиясы өтті.

Online қабылдау