Университет ректоры Р.А. Алшанов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 11 қаңтарда сөйлеген сөзін талқылау бойынша университет ұжымымен кездесу өткізді.
Онлайн форматта өткен кездесу барысында ректор «Алматы трагедиясы» деген атпен тарихқа енген оқиғаларға тоқталды.
«Тұран» университеті Президентіміздің шешімдері мен баяндамасын қолдайтыны сөзсіз. Университет білім беру ұйымы бола отырып, жастардың саяси-моральдық келбетін тәрбиелейді. Біздің университет алдағы уақытта да студенттердің дұрыс ақпарат пен құндылық бағдар алуына ықпал ететін болады, – деп атап өтті Р.А. Алшанов.
Бейбітшілік, тәуелсіздік, тұтастық – бұл құндылықтар жас ұрпақтың бойында қалыптасуы тиіс.