Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауындағы жеңіс

Университетіміздің оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты, доцент Касымжанова Анаргуль Алиакпаровна республикалық “ЖОО үздік оқытушысы – 2021” байқауының жеңімпазы атанды.

 

Бұл байқауға ҚР 76 ЖОО-нан 718 оқытушы қатысты. Барлық үміткерлердің ішінен 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Оқытушылардың қызметін бағалау әртүрлі параметрлер бойынша жүзеге асырылды. Бұл оқу-әдістемелік әдебиеттер мен видеолекцияларды әзірлеу, патенттердің, авторлық куәліктердің болуы, кадрларды даярлау және т. б.

 

Анаргүл Алиакпарқызы психология ғылымдарының кандидаты, “Психология” кафедрасының профессоры, Қазақстан психологтар қауымдастығының мүшесі, НЛП, Эриксон гипнозы, жүйелі отбасы психологиясы саласындағы маман, клиникалық психолог, практик және Эннеаграмма шебері болып табылады.

 

Анаргүль Алиакпарқызын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

Online қабылдау