Нишанташи университетінің проректоры (Nisantasi University, Стамбул, Түркия) профессор Uğur Yozgat «Тұран» университетіне сапары

2022 жылдың 10 ақпанында Нишанташи университетінің проректоры (Nisantasi University, Стамбул, Түркия) профессор Uğur Yozgat «Туран» университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарлары талқыланды.

 

Нисанташи университеті Түркиядағы ең жылдам дамып келе жатқан жас университет. Университетте жекелендірілген білім беруге, оқытудың икемділігіне, сыни ойлау мен мәселелерді шешуге, деректерді түсіндіруге, үздіксіз жетілдіруге бағытталған «Білім 5.0» инфрақұрылымы бар. Бұл білім беру моделі технология және білім саласындағы ынтымақтастық динамикасына негізделген.

 

2021 жылдың 28 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында «Тұран» университетінің «Экономика», «Менеджмент» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының 9 докторанты Нишанташи университетінде тағылымдамадан өтті. Тағылымдама соңында барлық докторанттарға сертификаттар табыс етілді.

Online қабылдау