Кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында «Есеп және аудит» кафедрасы Учет.KZ бизнес серіктесімен «Есеп және аудит» БББ 2 және 3 курс студенттері мен Тұран және Нархоз колледждерінің 2 және 3 курс студенттері үшін екі мастер класс өткізді.
2022 жылдың 16 ақпанда «Табысты бухгалтердің 7 құпиясы» және 23 ақпанында «Пандемия кезіндегі табысты бухгалтер үшін Soft skills» тақырыптары бойынша мастер класс өтті, тренері СМЖ кәсіби сертификатталған бухгалтері және аудиторы «Қаржы бақылауы» компаниясының директоры Александра Карпова. Ұйымдастырушы Тойлыбек Т. Г.
Жарқын мотивациялық мастер-класс өткізуде А. Карпова қолайлы жағдай жасады және табысты бухгалтер болудың тәжірибелік мысалдарын келтірді. Студенттер ақпараттың құрылымдық берілуін атап өтті және белсенді сұрақтар қоя отырып, бухгалтердің табысының құпияларына үлкен қызығушылықпен тартылды.