2022 жылдың 10 наурызында Сатыбалды Нарымбетов атындағы кинозалдың салтанатты ашылуы өтті

2022 жылдың 10 наурызында Сатыбалды Нарымбетов атындағы кинозалдың салтанатты ашылуы өтті. Қазақстанның кинематографиялық әлеміндегі бұл оқиға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, драматург Нарымбетов Сатыбалды Жәлелұлын еске алуға арналған.

 

Кинозалдың салтанатты ашылуында Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Франция және Ресейден келген туыстары мен әріптестері Сатыбалды Жәлелұлы туралы естеліктерімен қонақтармен және студенттерімен бөлісті.

 

Ашылу салтанатында “Тұран” университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы, “Turan Film Academy” директоры Хакимов А.С., Сатыбалды Нарымбетовтың ұлдары Искандер Нарымбетов, Асқар-Мұхит Нарымбетов және т. б. құттықтау сөз сөйледі.

 

Салтанатты ашылу Сатыбалды Нарымбетовтың “Жас аккордеоншының өмірбаяны” фильмін көрумен аяқталды.

Online қабылдау