2022 ж. 21 ақпан мен 5 наурыз аралығында Case4Success халықаралық кейс-чемпионаты өткізілді. Case4Success бағдарламасына Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Корея Республикасы, Моңғолия, Ұлыбритания жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері қатысты.
Шараны ұйымдастырушы «Тұран» университетінің «Тұран-Зерде» Түлектер Қауымдастығы болды. Кейс-чемпионаттың серіктестері: JTI, MARS Kazakhstan, Burger King, EFES Kazakhstan, HeadHunter, Skillbox, Tribune, Давай Сходим, Leadearship KZ, ЦАРА.
Серіктес компаниялардың қосқан үлесінің арқасында жоба жүзеге асырылды. Сондай-ақ студенттердің заманауи бизнес талаптарына сай болашақ маман ретінде білім деңгейін арттыруға және қалыптастыруға көмектесу мақсаты орындалды. Жобаға Қазақстанның барлық аймақтарынан және ТМД елдерінен 300-ден астам студент қатысты. Болашақ мамандар корпоративтік кейсті шешіп, сол арқылы серіктес компаниялардың нақты міндеттерімен байланысқа түсті. Осы кейс-чемпионаты студенттер үшін кәсіби даму және корпоративтік ортада өз машықтарын қолдануда теңдесіз тәжірибе болды.
Қазіргі жастар – мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері. Еліміздегі айтулы дата – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында серіктес компаниялардың қолдауы – тәуелсіздіктің дамуы мен нығаюына қосылған баға жетпес үлес екенін атап өткіміз келеді.
«Тұран» университетінің «Тұран-Зерде» Түлектер Қауымдастығы мен серіктестері білім беру ортасы мен бизнес үшін қолайлы платформа құру арқылы кәсіби біліктіліктің өсуіне ықпал етуге және жастардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болуына мүмкіндік беруге ұмтылады.
Қорытындылай келе, компаниялар кейстердің ең жақсы шешімдерін ұсынған командаларды анықтады.
JTI компаниясының кейс шешімінің қорытындылары:
MARS Kazakhstan компаниясының кейс шешімінің қорытындылары:
BURGER KING компаниясының кейс шешімінің қорытындылары:
EFES KAZAKHSTAN компаниясының кейс шешімінің қорытындылары:
HH компаниясының кейс шешімінің қорытындылары: