“Ұлы дала логистикасы-2022” III Халықаралық ғылыми – практикалық конференция

Тұран “университетінің” Маркетинг және логистика “кафедрасы сіздерді 2022 жылдың 20 сәуірінде Алматы қаласы Тұран университетінде өтетін “Ұлы дала логистикасы-2022” III Халықаралық ғылыми – практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Конференцияға қатысуға логистика, маркетинг, Экономика, Менеджмент және т.б. саласындағы ғылыми қызметкерлер, ғалымдар мен мамандар, Қазақстан Республикасының, ТМД елдерінің және алыс шетелдің бизнес-құрылымдарының өкілдері, экономикалық бейіндегі жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы (ISBN халықаралық индексімен) шығарылып, кейіннен “Тұран” университетінің сайтына орналастырылады.

 

Конференцияны өткізу нысаны-Google meet-те офлайн/онлайн сілтеме бойынша.  

 

Конференция бағыттары:

  1. Заманауи логистиканың жаңа модельдері мен үрдістері.
  2. Жеткізу тізбегі мен жүк тасымалын басқарудың заманауи трендтері.
  3. Маркетинг пен логистикадағы цифрлық трендтер.
  4. Экономиканы цифрландыру жаһанданудың жаңа кезеңі ретінде
  5. Цифрлық менеджменттің даму мәселелері мен үрдістері.

Конференцияға қатысу формасы

  • пленарлық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн);
  • секциялық баяндамамен сөз сөйлеу (онлайн);
  • постер сессиясына қатысу (онлайн);
  • баяндамасыз жариялау.

 

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Конференция тақырыбына және ресімдеу талаптарына сай келмейтін немесе белгіленген мерзімнен кеш жіберілген материалдар қаралмайды және қайтарылмайды.

 

Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушылардың есебінен жүзеге асырылады.

 

Конференцияға қатысу-тегін.

 

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласыңыз

тел. +727 260-40-26, (723)

E-mail: conference.mil@gmail.com

e.polukhina@turan-edu.kz

Online қабылдау