А. Ф. Аубакировты еске алуға арналған “Сот ісін жүргізудегі дәлелдеу мен дәлелдемелердің заманауи мәселелері” атты жас ғалымдардың телекөпір түріндегі III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 25 наурызында А.Ф. Аубакировты еске алуға арналған “Сот ісін жүргізудегі дәлелдеу мен дәлелдемелердің заманауи мәселелері” атты жас ғалымдардың телекөпір түрінде III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференция “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасының құқық ҒЗИ жанындағы студенттік ғылыми клубпен ұйымдастырылып, “Қазақстан-Ресей”телекөпірі режимінде өтті.

 

Конференцияға “Құқықтану”, “Халықаралық құқық”, “Психология” мамандықтары бойынша 50 қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

 

  1. Қазақстан Республикасының:

– Алматы қаласы “Тұран” университеті;

– Халықаралық білім беру КОРПОРАЦИЯСЫ, Алматы қаласы.

  1. Ресей Федерации:

– Орехово-Зуево мемлекеттік гуманитарлық-техникалық университеті;

– Ресей мемлекеттік Әділет университетінің Солтүстік Кавказ филиалы, Краснодар қ.;

– Кәсіпкерді қорғау институты, Ростов қаласы.

 

Баяндамалар пленарлық отырыста және екі секцияда қазақ және орыс тілдерінде тыңдалып, әлемдік дамудың қазіргі кезеңінің маңызды проблемаларына арналды:

– дәлелдемелер теориясының негізгі категорияларын жетілдіру;

– дәлелдемелік құқық саласында сот ісін жүргізу қағидаттарын жетілдіру;

– дәлелдеу процесінде арнайы білімді қолдану мәселелері;

– азаматтық, қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізуде дәлелдеу процесін цифрландыру.

Online қабылдау