ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық грантына студенттер үшін байқау

Құрметті Бакалавриат Студенттері!

(мемлекеттік грантта оқитын 1 және 2 курс студенттері)

 

Сіздерге ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық бойынша 2022-2023 оқу жылына күзгі семестрге конкурс жарияланғаны туралы хабарлаймыз. Тұран университетіне еуропалық жоғары оқу орындарына 10 квота бөлінген: 7 – Еуропа елдеріне, 2 – Америка Құрама Штаттарына, 1 – Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне. Қаржыландыру ҚР БҒМ белгіленген нормалар шеңберінде және кейіннен есептілікпен ұшуды, визалық алымды, сақтандыруды және тұрғын үйді қаржыландырылады.

 

Іріктеу процесі (Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы,Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы N 613 Бұйрығы):

 

Студенттерді іріктеу 2 кезеңде жүргізіледі:

  • Университет ішіндегі конкурстық іріктеу;
  • Конкурстық іріктеу және қабылдаушы университет кандидатураларды бекітеді.

Осы бағдарлама бойынша тәртіптік жазалары, қаржылық және академиялық борыштары жоқ бакалавриаттың 2 және 3 курстарының, мемлекеттік грантта оқитын студенттері шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға жіберілуі мүмкін

 

Қажетті құжаттар (1 кезең):

  • Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға байланысты өтініш (Қосымша)
  • Паспорттың көшірмесі (егер болса)
  • Транскрипт
  • Шет тілін меңгергендігі жөніндегі сертификат (егер болса)
  • Сертификаттар, жариялымдар, марапаттар(егер болса)

Барлық құжаттар топтамасын 2022 жылғы 15 сәуірге дейінгі мерзімде халықаралық ынтымақтастық бөліміне (каб. 707) өткізу қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, мына телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз: +7272 2604023, +7 747 628 40 18, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің менеджері Егізбаева Гауһар.

Online қабылдау