СМЖ ішкі аудиторларының біліктілігін арттыру

2022 жылғы 7 сәуірде «Тұран» университетінің СМЖ ішкі аудиторлар тобы «Сапа менеджменті жүйелерінің ішкі аудиторы (ISO 9001:2015, ISO 19011:2018)» тақырыбында үш күндік сертификатталған оқу курсын сәтті аяқтады. Оқуды Алматы сауда және инвестициялар палатасы ұйымдастырды.

 

«Тұран» университеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері бола отырып, СМЖ-ін үнемі жақсартумен қатар, сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін белсенді жетілдіруде.

 

СМЖ ішкі аудиторларының біліктілігін арттыру сапаны ішкі бақылау жүйесінің тиімділігіне, университеттің бизнес-процестерін жетілдіруге ықпал етеді.

Халықаралық «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы университеттің СМЖ ISO 9001:2015 стандартына сәйкестігін сертификаттады.

Online қабылдау