«Тұран» университетінде «Шапағат» қайырымдылық концерті өтті

2 сәуірде “Тұран” университетінің студенттік ұйымдары балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, әйелдер мен дағдарыс орталығының балаларына “Шапағат” қайырымдылық концертін өткізді.

 

Концертте студенттердің музыкалық ұйымдары өнер көрсетті. Түрлі ойындар мен жүлделі сайыстар өткізілді, қонақтар қуанышпен атсалысты. Шара барысында олар университет бойынша қызықты экскурсия, фотосессия жүргізіліп, тәтті тосын сыйлар да жасалды.

 

Бұл әрбір студенттік ұйымның өзіндік үлесін қосқан шара. Барлық шақырылған қонақтар жағымды эмоцияларға ие болды. «Тұран» университетінің волонтерлері осы айтулы концерті өткізе алғандарына өте риза болды.

 

Студенттердің қайырымдылықты белсенді түрде қолдап, ізгілік пен мейірімділік таныта отырып, адамгершілік қасиеттерді дәріптейтіні жан жылытады.

Online қабылдау