2022 ж.01 Сәуірде “Құқықтану және халықаралық құқық” кафедрасы Наурыз мерекесіне арналған мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шара мерекелік безендірілген акт залында өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты-халықтық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтау, жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды қорғауға үйрету, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.
Студенттер ән айтып, домбырада күй ойнап, Наурыз тақырыбына көріністер көрсетті, би биледі, беташар салты көрсетілді, викторина өтті.
Студенттер Наурыз тарихы, Қазақстанда бұл мерекенің қалай тойланатыны, наурыз көже – осы мерекенің символы туралы айтып берді.
Студенттер мен оқытушылар қазақтың әдемі киімдерін киіп, Наурызды көңілді атмосферада өткізді.