28 наурыз бен 01 сәуір аралығында “Тұран” университеті жанындағы Sanaly Urpaq жобалық кеңсесі Google Meet платформасы арқылы кезекті III онлайн-мектеп өткізді.
Өткізілген іс-шараның басты мақсаты тыңдаушылардың азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы неғұрлым кең білім алуы болып табылады.
Іс-шара республика көлемінде өтті. Онлайн-мектепке әртүрлі жастағы оқушылар, колледждер мен ЖОО студенттері, түрлі оқу орындарының оқытушылары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Sanaly Urpaq жобалық кеңсесінің белсенділері қатысты. Іс-шараға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалаларының және Павлодар, Түркістан облыстарынан қатысушылар қатысты. Іс-шараға барлығы 150 белсенді тіркелді, олардың 130-ы мектеп бітірді. Барлық белсенділерге мектепті бітіргені туралы сертификаттар берілді.