«Тұран» университетінің білім беру бағдарламалары АРТА аккредиттеуден кейінгі мониторингі аясында тексеруден өтті

2022 жылғы 15 сәуірде «Тұран» университетінің 18 білім беру бағдарламасын аккредиттеуден кейінгі мониторинг аясында Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің (АРТА) сыртқы сараптама комиссиясының онлайн-сапары өтті.

 

Олардың ішінде 2019 жылы 7 жыл мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары бар:

  • 6B04103 – Экономика;
  • 6B04101 – Менеджмент, 6B04105-Есеп және аудит;
  • 6B06101 – Ақпараттық жүйелер, 6B06102-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;
  • 6B03103 – Психология, 7M03102 – Психология, 7M03102 – Психология, 6D050300 8D03101 – Психология, 6B03201 – Журналистика, 7M03201 – Журналистика, 7M03206 – Журналистика;
  • 6B04107 – Маркетинг, 7M04105 – Маркетинг, 7М04112 – Маркетинг, 6B11101– Туризм, 7M11101 – Туризм, 7M11102 – Туризм.

Аккредиттеуден кейінгі мониторингтің мақсаты – Еуропалық жоғары білім кеңістігінде (ESG) сапаны қамтамасыз ету үшін Стандарттар мен Нұсқаулықтардың талаптарына, білім алушылардың қажеттіліктеріне және стейкхолдерлердің сұратуларына сәйкес университеттің білім беру бағдарламаларын жетілдіруді растау, сондай-ақ АРТА сыртқы сараптау комиссиясының ұсынымдарын орындау.

Online қабылдау