2022 жылдың 18 сәуірінде “Операторлық өнер”мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

2022 жылдың 18 сәуірінде “Операторлық өнер”мамандығы бойынша XIV Республикалық пәндік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті. Бұл олимпиадаға дәстүрлі түрде Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Олимпиада рәсімі кино-фото павильонының ресми ашылуынан басталды, осындай оқиғаға орай “Тұран” университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлы кино дәстүрі бойынша тарелканы сындырды.

 

Олимпиада бағдарламасы 48 сағат ішінде шығармашылық, практикалық және кәсіби бағыттарды орындау форматында “бейне жұмыс” тақырыптық тапсырмасын орындауды қамтиды. Қазылар алқасының құрамына шығармашылық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен продакшендердің өкілдері кірді.

Online қабылдау