«Психология» кафедрасы «Гефест в гостях у Yourgame.kz» бірігіп жаңа шындықта трансформациялық және психологиялық ойындардың бірінші халықаралық фестивалін сәтті өткізді

16-17 сәуір аралығында «Туран» университетінің қабырғасында «Психология» кафедрасы «Гефест  в гостях у Yourgame.kz» бірлесіп жаңа шындықта трансформациялық және психологиялық ойындардың бірінші халықаралық фестивалін сәтті өткізді.

 

Фестивальде бизнес, дағдылар, жеке өзгерістер, рухани өзгерістер, сүйіспеншілік, үйлесімділік және жеңіл өзгерістер тақырыбындағы үздік ойындар ұсынылды.

 

Ойындардың жетекшілері үздік шеберлер, ойын тәжірибесі мен трансформациялық ойындар саласының білгірлері болды. Олардың көмегімен қатысушылар сұрақтарына жеңіл және қызықты тәсілмен жауап тапты.

 

Фестивальдің барлық қатысушылары іс-шараны ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыстарын білдірді!

Online қабылдау