«Лобачевский университетіне ұтқырлық» ақпараттық кездесуі

2022 жылдың 19 сәуірінде Тұран университетінде серіктес университет Нижний Новгород Н.И. Лобачевский (ННГУ) атындағы мемлекеттік университетімен «Лобачевский университетіне ұтқырлық: студент үшін нені түсіну маңызды» атты ақпараттық кездесу өтті.

 

Онлайн кездесуге «Тұран» университетінің студенттері, білім беру бағдарламасының жетекшісі, «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі Селезнева И.В. және Тұран университеті және ННГУ халықаралық бөлімдерінің басшылары қатысты.

 

«Тұран» университетінің «Қаржы» оқу бағдарламасының  2 курс студенті Скиба Анна, 2021-22 оқу жылының көктемгі семестрінде,  Лобачевский университетінде академиялық ұтқырлық аясында білім алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысудағы жеке тәжірибесімен бөлісті, оқу туралы әңгімелеп, Тұран университетінің студенттеріне шетелге ұзақ сапарға қалай дайындалу керектігі туралы кеңес берді.

 

Аннаның сөзінен кейін ақпараттық кеңеске қатысушылар ННГУ  өкілдеріне өз сұрақтарын қоя алды.

 

Біз, бұл тәжірибе Тұран студенттерін академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысуға ынталандыратынына және серіктес университеттер арасындағы ынтымақтастықты жақсартатынына сенімдіміз.

Online қабылдау