2022 жылғы 22 сәуірде Қытай Халық Республикасы Бас консулының орынбасары Чжун Хуа мен Қытай Халық Республикасының Алматыдағы консулы Ван Цинпиннің Қытайдан келген Тұран университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында білім беру, студенттік өмір және жергілікті тәртіпке бейімделу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, консулдық өкілдері Тұран университетінің жатақханасында болып, студенттердің тұрмыс жағдайымен танысты. Жалпы Қытайдан келген студенттер «Тұран» университетінде оқудан тек жағымды әсерлерімен бөлісті.