Халықаралық дөңгелек үстел: «Аудиторлық қызмет: жетістіктер, инновациялар, перспективалар»

«Тұран» университетінің “Есеп және аудит” кафедрасы ҚР аудиторлар палатасымен бірлесіп  «Ғылым, білім және қоғамды жүйелі трансформациялау» халықаралық форумы аясында 20.04.2022 жылы э. ғ. д., профессор, аудитор, кәсіби бухгалтер М. С. Ержановтың ғылыми – педагогикалық және есептік-аудиторлық қызметтің 50 жылдығына арналған  «Аудиторлық қызмет: жетістіктер, инновациялар, келешегі» атты халықаралық дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар: Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Дағыстан, Кабардино-Балкария, Қазақстан ғалымдары, кәсіби ұйымдардың, халықаралық және қазақстандық аудиторлық компаниялардың басшылары (Аудиторлар Палатасы, Центраудит-Казахстан, «Grant Thornton», «Baker Tilly», ИД  «Бико» өкілдері және т.б.), Алматы қ. ЖОО-ның профессорлық – оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар.

Online қабылдау