2023 жылдың 28 тамызы мен 11 қыркүйегі және желтоқсан айының 3–17 аралығында Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Лондондағы Рейвенсборн университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Дабабрата Нараян Чоудхури «Тұран» университетіне іссапармен келді. Ұлыбритания, Түркия және Қазақстан университеттеріндегі педагогикалық тәжірибесі мол доктор Дабабрата «Тұран» университетінің маңызды серіктесі. Оның тәжірибесі менеджмент, бизнес, ақпараттық технологиялар және коучинг сияқты салаларды қамтиды. Доктор Чоудхури университетке мол тәжірибе мен білім әкеле отырып, оқыту, зерттеу және басқару қызметіне белсенді қатысты.
Дабабрата Нараян Чоудхури «Тұран» университетіне Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒжЖБМ) бөлген грант шеңберінде шақырылды. Бұл грант жыл сайын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына шетелдік мамандарды тарту мақсатында беріледі.
2023 жылдың 8 қыркүйегінде доктор Дабабрата Чоудхури «Тұран» университетінің докторанттарына «How to publish in International peer-reviewed journals» тақырыбында семинар өткізді. Шара барысында қатысушылар халықаралық мерзімді басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауға қатысты тақырыптарды талқылап, рейтингі жоғары журналдарда мақалаларды дайындау және ұсыну ерекшеліктерін зерделеді. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.
2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Тұран» университетінде Дабабрата Чоудхуридің «Coaching and Mentoring in Higher Education» тақырыбындағы оқытушыларға арналған тренингі өтті.
2023 жылдың 5 қыркүйегінде «Тұран» университетінде «Ethics of scientific research» тақырыбында магистранттарға арналған семинар өтті. Іс-шарада ғылыми жұмысқа қатысты жауапкершілік, адалдық, деректерді басқару және зерттеуді жариялау этикасы туралы ақпарат берілді.
6 қыркүйекте бакалавриат студенттеріне арналған «Digital technology and Creativity» тақырыбындағы семинар өтті. Қатысушылар шығармашылық пен инновацияны ынталандыру үшін цифрлық технологияларды қолданудың жаңа трендтері, озық тәжірибелері мен тиімді стратегияларымен танысты.
Доктор Дабабрата Чоудхури «Тұран» университетіндегі бір магистрлік және бір докторлық диссертацияның тең жетекшісі болды.
4–5 қарашада «Тұран» университетінде «Стрессті оптимизммен басқару» атты стресс-менеджмент тренингі өтті.
Тренинг жетекшісі – қауымдастырылған профессор, психотерапевт және жүйелік психотерапия бойынша сертификатталған психолог-кеңесші, доктор Алена Гарбер. Алена Гарбер коммуникациялық модельдерді қолдану бойынша сарапшы, психо-онколог және «Стрессті оптимизммен басқарыңыз!» бағдарламасының орыс тіліндегі авторы. Доктор Гарбер Германияның Гессен қаласында «Стрессті оптимизммен басқару» бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды дайындау құқығына ие жаттықтырушы ретінде сертификатталған.
Тренингке «Психология» білім беру бағдарламасының бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері қатысты.
2023 жылдың 5–7 қазаны аралығында Біріккен Араб Әмірліктері университетінің (Абу-Даби, БАӘ) профессоры Татьяна Карабчук «Тұран» университетінің PhD докторанттарына «Академиялық жазу» пәні бойынша модуль өткізді.
Татьяна Карабчук – h-index-6, Scopus деректер базасында 25-тен астам жарияланымы бар әлеуметтік ғылымдар саласындағы сарапшы. Ол БАӘ, Жапония, Германия, Венгрия университеттеріндегі ғылыми жобалар мен БҰҰ, ЕҚДБ, АДБ сияқты халықаралық ұйымдардың қатысушысы.
Курсқа «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Психология» және «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының барлық курстарының докторанттары қатысты. Сабақтар модульдік форматта ұйымдастырылды. Сабақ барысында профессор Карабчук ғылыми зерттеулерді жүргізу тәжірибесімен, диссертациялар мен ғылыми мақалаларды дайындау және жазу әдістемесімен бөлісті. Барлық қатысушылар модульді аяқтаған соң курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.
2023 жылдың 18–30 қыркүйегі аралығында «Тұран» университетінің докторанттары үшін Зиттау-Герлиц Қолданбалы ғылымдар университетінің экономика ғылымдарының профессоры Роланд Гизе (Германия) «Шетелдік менеджмент тәжірибесі» пәні бойынша сабақтар өткізді. «Тұран» университетінің құрметті профессоры, қамқоршылық кеңесінің мүшесі – Роланд Гизе 18 жыл бойы докторанттарға тұрақты түрде дәріс оқып келген шетелдік профессор. Оның «Шетелдік басқару тәжірибесі» атты авторлық курсы модульдік форматта ұсынылған, онда профессор батыс компанияларындағы шетелдік стратегиялық менеджменттің ерекшеліктерімен бөліседі.
2023–2024 оқу жылында бұл курсқа «Экономика», «Менеджмент» және «Қаржы» білім беру бағдарламаларының докторанттары белсенді қатысты.
2023 жылдың 27 қыркүйегінде «Тұран» университетінде, профессор Роланд Гизенің жетекшілігімен профессорлық-оқытушылық құрамға арналған «Case Study: шетелдік тәжірибе» тақырыбындағы әдістемелік семинар өтті.
Case Study – бизнес, экономика және әлеуметтік саладағы нақты жағдайларда ситуациялық талдау мен сипаттауды қолданатын оқыту әдістемесі. Семинар студенттердің жоғары эмоционалды және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін интерактивті түрде өтті. Профессор Гизе неміс университеттеріндегі кейс әдісін қолданудың тәжірибесімен бөлісіп, оның нақты жұмыс процесінде қажетті «жұмсақ дағдыларды» дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
Экономика ғылымдарының докторы Сергей Александрович Быкадоров, Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университетінің профессоры (Ресей, Новосибирск қ.) студенттер мен магистранттарға дәрістер, ПОҚ үшін БА курстарын өткізді. Келу күні – 2021 ж 9-28 қараша.
Заң ғылымдарының докторы Edward Juchniewicz (Эдвард Юхневич) Гданьск университетінің профессоры (Польша, Гданьск қ.) ПОҚ үшін біліктілікті арттыру курсын және «Құқықтану» мамандығының докторанттарына арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Келу күні – 2021 ж 10-19 желтоқсан.
Anglina Ruskin University (Ұлыбритания) профессоры Dababrata Chowdhury 65 ПОҚ және 22 докторантқа арналған «Блім беру, менталды денсаулық және эмоционалдық зейін» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Келу күні – 2021 ж. 20-22 желтоқсан.
PhD, University of Economics-Varna (Экономика университеті – Варна, Болгария) профессоры Serafimova Desislava (Серафимова Десислава) Эразмус+ аясында 50 ПОҚ және 10 докторантқа сертификат бере отырып, бірқатар дәрістер мен біліктілікті арттыру курсын өткізді. Келу күні – 2021 ж. 20-24 желтоқсан.