Университет ректоры Р.А. Алшанов Алматы қаласы бойынша 2022 жылғы референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың төрағасы болды. «Тұран» университетінің ұжымымен кездесу барысында Рахман Алшанұлы Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін түзетулер бойынша түсіндірме сөз сөйледі. Ол 2022 жылғы 5 маусымда өтетін референдумға оқытушылардың, қызметкерлердің және білім алушылардың қатысуының маңыздылығын атап өтті.