Тұран университеті – бұл Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары бизнес-инкубаторларына және акселераторларына арналған диалогтық алаң

2022 жылғы 16 наурызда «Тұран» Университетінде (Алматы қ.) Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің, Қазақ-Британ техникалық университетінің, Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Коммуникация Университетінің, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясының, М.Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік–Экономикалық Университеті, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік Университетінің, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің, Милан техникалық университеті MOST жекеменшік бизнес-инкубаторының қатысуымен  «Жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторларын және акселераторларын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Қазақстан ЖОО-ларындағы бизнес-инкубаторлар мен акселераторлардың нақты жағдайын бағалау бойынша сындарлы және жан-жақты диалог жүргізіліп, олардың қызметінің тиімділігіне кедергі келтіретін негізгі мәселелер мен факторлар анықталды.

 

Экожүйені дамытудың бірыңғай стратегиясын әзірлеу, жаңа Қазақстанды құрудағы жоғары оқу орындарының бизнес-инкубаторлары мен акселераторларының рөлі, әдістемелік тәсілдер, бизнес-жобалардың сапасын арттыру жолдары, қаржыландыру көздерін іздеу және университеттердің бизнес-инкубаторлары мен акселераторларын ғылым және бизнеспен біріктіру үлгілері, халықаралық ынтымақтастық пен фандрейзингті дамыту, жергілікті және халықаралық венчурлық қорлармен ынтымақтастықты дамыту, құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету міндеттері алдыға қойылды.

Online қабылдау