Lehigh University профессоры, білім берудегі инновациялар жөніндегі проректоры William Gaudelli «Innovations in higher education leadership and management» атты семинары

2022 жылдың 26 ​​мамырында 401 мәжіліс залында Тұран университетінің қызметкерлеріне «Innovations in higher education leadership and management» тақырыбында семинар өтті. Семинардың спикері Lehigh University (Лихай университеті, АҚШ) білім берудегі инновациялар жөніндегі проректоры, профессор William Gaudelli болды.

 

Lehigh University – Пенсильвания штатының Бетлехем қаласында орналасқан жеке зерттеу университеті. Семинар барысында Lehigh University өкілі де өз университетінің тәжірибесімен таныстырды, менеджмент саласындағы зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті, онда деректер мен талдаулар жинау үшін Қазақстанның жетекші университеттерінде болды. Кездесу барысында сонымен қатар «Тұран» университеті мен Lehigh University арасындағы білім және ғылыми-зерттеу, академиялық ұтқырлық, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің тағылымдамадан өтуі және т.б. саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Online қабылдау