2022 жылдың 31 мамырында Тұран университетінде De Montfort University Kazakhstan өкілдерімен кездесу өтті. Қонақтар делегациясының құрамында DMUK топ-менеджменті, сондай-ақ De Montfort University Leicester (Ұлыбритания) профессорлары болды. Тұран университетінің ректоры Алшанов Р.А. сөз сөйлеп, Қазақстанның болашақ гүлденуі үшін халықаралық университеттермен серіктестік пен жоғары білімді халық санын арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында Тұран университеті мен De Montfort University Kazakhstan арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Екі университет арасындағы одан әрі жемісті ынтымақтастық студенттер мен оқытушылар құрамы үшін интернационалдандыру мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз.