2022 жылдың 3 қыркүйегінде Наманган қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Тұран» университетімен бірге «Turan International University» халықаралық университетінің ресми ашылуының салтанатты рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Наманган облысының губернаторы, «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов (Алматы), «Тұран» университетінің бірінші проректоры Тазабеков Қ.Ә., Наманган қаласының әкімі, халықаралық білім беру ұйымдарының, отандық ірі компаниялар мен мемлекеттік органдардың басшылары, сонымен қатар шет мемлекеттерден келген профессор-оқытушылар қатысты.
Университетке студенттерді қабылдау 11 мамандық бойынша жүргізіліп, 1-курсқа 3,5 мыңнан астам талапкер қабылданды. Оқытуға Корея Республикасынан, Ұлыбританиядан және т.б мемлекеттерден профессорлар тартылған.
Университет ректоры қызметіне профессор Нұрмұханова Гүлнар Жағыпарқызы (Алматы), ал гуманитарлық ғылымдар және педагогика факультетінің деканы болып Анна Сергеевна Бузело тағайындалды.
1,2 млн. халқы бар Наманган қаласы Өзбекстандағы саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала. Бұл Ферғана алқабының ең ірі мегаполисі, онда 10 миллионнан астам адам тұрады.