Turan Speaking Club ресми түрде ашылды!

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Тұран университетінде Turan Speaking Club ресми ашылуы өтті.

 

Turan Speaking Club негізгі спикерлері – Stijn van der Veen, Julia Colver (Leiden University магистранттары, Нидерланды) және Matthew Hale (The University of Edinburgh студенті, Ұлыбритания).

 

Ашылу барысында Тұран студенттері шетелдік спикерлермен жақынырақ танысып, өз сұрақтарын қойып, клубтың алдағы жоспарлары мен мақсаттарын талқылады.

 

Turan Speaking Club қатысу сізге: тілдік кедергіні жоюға, жеке сөздік қорыңызды кеңейтуге, көңілді және пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

 

Баршаңызды әр сәрсенбі сайын сағат 17.00-де 207-ші мәжіліс залында өтетін «Тұран» спикерлер клубына қатысуға шақырамыз.

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Online қабылдау