Шетелден шақырылған профессор Роланд Гизенің (Циттау-Герлиц Қолданбалы Ғылымдар университеті, Германия) докторантура бөлімінде сабақ өткізуі

2022 жылы 26 қыркүйек пен 4 қазан аралығында «Тұран» университетінде PhD докторанттары үшін «шетелдік басқару тәжірибесі» пәні бойынша сабақтар өткізілді. Осы пән бойынша сабақты дәстүрлі түрде Циттау-Герлиц (Германия) қолданбалы ғылымдар университетінен шақырылған шетелдік профессор, экономика ғылымдарының докторы Роланд Гизе жүргізді.

 

Роланд Гизе – «Тұран» университетінің құрметті профессоры және қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Циттау-Герлиц қолданбалы ғылымдар университеті мен «Тұран» университеті арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық білім алушылар мен ПОҚ-ның сыртқы академиялық ұтқырлығынан көрінеді.

 

«Шетелдік басқару тәжірибесі» пәні бойынша сабақтар модульдік форматта өтті. Сабақ барысында профессор Гизе менеджмент функцияларына батыстық көзқарас, стратегиялық жоспарлау, сыртқы және ішкі ортаны талдау, сияқты шетелдік стратегиялық менеджменттің ерекшеліктерімен бөлісті.

 

«Шетелдік басқару тәжірибесі» – профессор Гизенің «Тұран» университетінің докторанттары үшін  арнайы дайындаған авторлық курсы.

 

Модуль қорытынды емтиханмен аяқталды. Биылғы оқу жылында аталған курсқа «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы» білім беру бағдарламалары бойынша 15 докторант қатысты.

Online қабылдау