28 тамызда «Туризм және сервис» кафедрасының оқытушылары мен студенттері, Туризм ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері мен еріктілері «Тұран» университетінің (Алматы) құрылғанына 30 жыл толуына орай Тұран шыңына (Іле-Алатау, Солтүстік Тянь-Шань жотасының солтүстік сілемдерінде 3970 М., 1А к. с.) көтерілді. Көтерілу алдында дайындық болды, қатысушылар таулы лагерьде акклиматизациядан өтті. Мерейтойлық іс-шаралар кезінде олар көтерілуді растайтын сертификаттар алды.