«Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасының қонақ дәрісі

Тұран университетінің 30-жылдық мерейтойына орай 2022 жылдың 22 қазанында «Құқықтану және халықаралық құқық» кафедрасында ұйымдастырылып отырған «Қазақстан Республикасының сайлау процесінің заманауи шындығы және Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтеді.

 

Дәріс беруші ретінде з.ғ.д., профессор Абдрасулов ​​Ермек Баяхметұлы қатысады. Біліктілігі «Заңгер», мамандығы «Құқықтану».

 

  • Адвокаттық қызмет көрсету құқығына 1998 жылғы 27 қарашадағы № 0000180 лицензиясы, 2000 жылғы 18 қазандағы № 0000832 нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиясы бар.
  • Қазақстан Республикасы Заң ғылымдары академиясының академигі.
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Стратегиялық даму және талдау департаменті Сот жүйесін зерттеу департаментінің меңгерушісі;
  • Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры;
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының директоры қызметтерін атқарған.

 

Еркін форматта өтеді. Студенттер, магистранттар, докторанттар және де адам құқықтарын қорғауға қызығушылық танытушылар шақырылады. Дәріс оқылады, оның барысында дәріскерге сұрақтар қойылады.

 

Өтетін орны мен уақыты: 22 қазан «Тұран» университеті, White Hall, сағат 11:00.

Online қабылдау