Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП-ның директоры «Тұран» университетінің ректоры Р.А. Алшановты марапаттады

Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП-ның директоры Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы «Тұран» университетінің ректоры Алшанов Рахман Алшанұлын экономика мен жеке кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін III дәрежелі «Адал еңбегі үшін» медалімен марапаттап, алғыс хат табыстады.

 

Айтуар Қошмамбетов Ректорымызды 75 жас мерейтойымен құттықтап, жақын, жанашыр адамдарының ортасында аман-есен, береке-бірлікте ұзақ ғұмыр кешуін тіледі.

 

«Егеменді Қазақстанның білім беру саласының дамуына, оқу-ағарту ісі мен ғылымның өркендеуіне сіздің қосқан үлесіңіз орасан зор. Еңбек жолында шәкірт тәрбиелеп, білім берумен қатар, қоғамдық және саяси жұмысқа белсенді араласудасыз. Осындай еңбек пен білім саласына деген жанашырлықтың арқасында «Тұран» университеті бүгінде еліміздегі жетекші оқу орнына айналды», – деп атап өтті Айтуар Асқарұлы.

Online қабылдау