Жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласындағы жаңа және трансформацияланатын кәсіптер бойынша білім беру бағдарламаларын (ББ) әзірлеу тәжірибесіне бағытталған тренинг

27-29 қазан аралығында «Тұран» университетінде жаңа кәсіптер мен құзыреттер Атласындағы жаңа және трансформацияланатын кәсіптер бойынша білім беру бағдарламаларын (ББ) әзірлеу тәжірибесіне бағытталған тренингтің бірінші трегі өтті. Тренингті “BTS Education” компаниясының сарапшылары – Олжас Мамырбаев, Марина Скиба, Серікболсын Несіпкамит жүргізді. Тренинг қатысушылары – университеттің профессор-оқытушылар құрамы болды.

 

Тренингтің мақсаты – еңбек нарығы мен білім беру саласын үйлестіру жағдайында инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуді үйрену және оларды оқу процесіне енгізу. Жұмыс басында Олжас Мамырбаев құрылған жаңа кәсіптер Атласы білім беру бағдарламаларына қалай әсер ететінін айтып өтті. Марина Скиба жаңа әзірлемелер университеттердің аймақтық ерекшеліктеріне және олардың миссиясына сәйкес келуі керек екенін атап өтті.

 

Жұмыс интерактивті режимде өтті: қатысушылар топтарға бөлініп, жаңа білім беру бағдарламаларын қалыптастырды. Үш күн бойы белсенді түрде жұмыс жүргізіліп, көп іс тындырылды: ББ ерекшелігін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту нәтижелерінің тұжырымдары пысықталды; ББ мазмұнына логикалық-құрылымдық талдау жүргізілді; оқытудың тиісті нәтижелеріне бағдарланған оқу пәндерінің мазмұнының сипаттамасын әзірлеу басталды; пәндердің оқытудың жоспарланған нәтижелерін қалыптастыруға әсері талданды және т. б.

 

Бүгінгі таңда тренинг тақырыбы өте өзекті. Қысқа уақытқа қарамастан (бар болғаны 3 күн) көп ақпарат берілді. Тренингке қатысушылардың пікірінше, жағымды, жайбарақат қарым-қатынас, «BTS Education» сарапшылары сияқты кәсіби мамандардан сауатты жауаптар алу және сұрақтар қою мүмкіндігі, университеттің академиялық саясатының тиімділігін арттыру жолындағы кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамытуға мүмкіндік берді.

 

Тренинг аяқталған жоқ, алда тағы бір трек өткізу жоспарланған. Тренинг нәтижесі ББ Тізіліміне енгізілген инновациялық білім беру бағдарламасы болуы керек.

Online қабылдау