«Үздік топтардың» «Тұран» университеті декандарымен бизнес-таңғы асы

2022 жылғы 31 қазанда «Тұран» университетінің факультет декандары мен «Үздік топ» университеттік байқау жеңімпаздарының бизнес-таңғы асы өтті.

 

Таңғы ас кезінде студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, ойларымен бөлісіп, төрт факультет декандарының қызықты әңгімелерін тыңдай алды.

 

Іс-шараның басында университет ректоры Р.А. Алшанов жеңімпаздарды құттықтап, дипломдармен марапаттап, жақсы тілектерін айтты.

 

Студенттер одан да жақсы оқуға шабыт алып, факультет декандарымен жақынырақ танысқандарына қуанышты болды деп үміттенеміз!

Online қабылдау