2022 жылдың 1 қарашасында «Тұран» университетінде «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті

2022 жылдың 1 қарашасында «Тұран» университетінде «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күні қарсаңында ұйымдастырған «Менің арманымдағы Қазақстан» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе байқауына 100-ге жуық студенттердің қатысуымен Қазақстанның болашағы мен оның қалыптастырудағы  көзқарасын көрсететін өз бетінше орындалған шығармашылық жұмыстары қабылданды.

 

Байқаудың мақсаты:  жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, мемлекеттің жарқын болашағына деген сенімін арттыру.

 

Нәтижесінде ең үздік жұмыстар дипломдармен марапатталып, сертификаттар табысталды.

 

Шараны ұйымдастырушы: «Журналистика және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Қаршығаева Айнұр

Online қабылдау