«Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасы студенттерінің қонақжай индустриясының мекеме орнында өткен практикалық сабағы

«Мейрамхана және қонақ үйлерде қызмет көрсету технологиясы» пәнін оқу аясында 2022 жылғы 11 қарашада студенттер қонақжай индустриясының кәсіпорнына барды («Туризм және сервис» кафедрасының оқытушысы Оспанова А.К).

 

«Мята Платинум» бас бары сонымен қатар «Fizika Bar» басқарушы директоры, «Тұран» университетінің түлегі, Николай Юрьевич Вижунов студенттерге бар қызметінің ерекшеліктері, менеджердің, әкімшілік және қауіпсіздік қызметі бастығының міндеттері туралы айтып берді. Барменнің іс-әрекетінде қажет ас үй жабдықтарын көрнекі түрде көрсетті.

 

Кездесу сұхбат форматында өтті, студенттер қойған сұрақтарына өз ісінің маманынан жауап алғанына риза болды.

Online қабылдау