2022 жылдың 23 қарашасында Тұран университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша Эдинбург университетінде (Ұлыбритания) магистратурада білім алған ACQUIS заң фирмасының бас заң кеңесшісі Алмаз Тілеуповпен «Құқықтану» және «Халықаралық құқық» БББ студенттерімен «Заңгердің мансабы» тақырыбында кездесуі өтті. Кездесуде түлектерге мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыру, әңгімелесуден өту және білім беру гранттары бойынша одан әрі білім алу мүмкіндіктері талқыланды. Студенттерді «Банк құқығы» мамандығы бойынша магистратурада қандай пәндер оқытылатыны және Астана халықаралық қаржы орталығында дауларды шешуге қатысу тәжірибесі қызықтырды, оларға Legal500 EMEA 2021 сәйкес энергетика саласындағы жетекші фирмалардың бірі ACQUIS заң фирмасында мансаптық өсу туралы сұрақтар қойылды. Ұйымдастырушы: з.ғ.д., профессор С.Ж.Сулейменова және з.ғ.д., қауымдастырылған профессор Стамкулова Г.А.