Дөңгелек үстел «ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы»

2022 ж. 30 қарашада «Тұран» университетінде «Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасы «ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның қалыптасуы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты-ХХ ғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның тарихи миссиясын жан-жақты зерттеуге арналған алаң құру.

 

Келесі бағыттар бойынша баяндамалар қаралды:

 

  • ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының қалыптасуы;
  • Қазан төңкерісі қарсаңы мен Кеңес өкіметі орнаған жылдардағы ұлттық зиялы қауым;
  • «Алаш» және қазақ халқының мәдени жаңғыруы;
  • Қазақстандағы мемлекеттіліктің генезисі: Алаш-Орданың тарихи рөлі;
  • Қоқан автономиясының білім беру тарихы, қызметі және жойылуы.

Дөңгелек үстел жұмысына «Тұран» университетінің, «Нархоз» университетінің, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазҰАЗУ, К. Сағадиев ат. UIB студенттері қатысты.

 

Дөңгелек үстел соңында студенттер мен ғылыми жетекшілерге сертификаттар табысталды.

Online қабылдау