Тұран қызметкерлері British Council Kazakhstan біліктілігін арттырудан өтті

2022 жылдың желтоқсанында British Council Kazakhstan, “Тұран” университетінің маңызды стратегиялық серіктесі IELTS Teacher training қарқынды біліктілікті арттыру курстарына тегін қатысуға конкурс жариялады. “Тұран” университетінің үш қызметкері Бондаренко Людмила, Мырзахмет Малика және Егізбаева Гауһар іріктеуден сәтті өтіп, кәсіптік оқудан өтіп, British Council Kazakhstan сертификаттарын алды.

 

Үш күндік қарқынды бағдарлама IELTS-тің әрбір блоктарына, студенттердің емтихан кезінде кездесетін қиындықтарына, сондай-ақ IELTS-ті сәтті тапсырудың тиімді шешімдері мен құпияларына арналды. Біздің қызметкерлер “Turan Speaking Club”кезінде сабақтарда, студенттермен тренингтерде, кездесулерде одан әрі қолдану үшін осы саладағы білімдерін жетілдірудің бірегей мүмкіндігіне ие болды.

 

Естеріңізге сала кетейік, “Тұран” университеті British Council уәкілетті тіркеу орталығы болып табылады. Емтиханнан өтуге ниет білдіргендердің барлығына тіркелу үшін сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз

Online қабылдау