Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған Екінші Республикалық Кәсіпкерлік Диктант 12–15 желтоқсан 2022 ж. (Алматы қ.)

“Тұран” университеті, “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты сізді 2022 жылғы 12-15 желтоқсанда (Алматы қ.) өтетін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған екінші республикалық кәсіпкерлік диктантқа қатысуға шақырады.

 

Өткізу форматы – онлайн тестілеу.

 

Өту тілі – қазақша, орысша.

 

Диктанттың мақсаты-мемлекет пен қоғамның назарын азаматтардың кәсіпкерлік сауаттылығы мәселесіне аудару, әрбір тілек білдірушіге бизнесті жүргізу үшін қажетті кәсіпкерлік білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беру.

 

Диктанттың міндеттері:

 

– Жастардың іскерлік белсенділігін дамыту;

– Білім алушылардың кәсіпкерлік қызмет негіздерін зерделеуге деген ынтасын арттыру;

– Кәсіпкерлерді оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеуге одан әрі көмек көрсету;

– Кәсіпкерлік қызметте инновациялық ойлауды қалыптастыруға ықпал ету;

– Өз кәсіпкерлік құзыреттерін арттыру қажеттілігін түсіну.

 

Өткізу тәртібі:

 

Кәсіпкерлік диктанттың қатысушылары мектеп оқушылары мен колледждердің, университеттердің білім алушылары, белсенді жастар және т.б. диктанттан сәтті өткен, яғни 60% – дан астамын жинаған қатысушы автоматты түрде электрондық пошта арқылы диплом алады.

 

Кәсіпкерлік диктант сараптамадан өткен және “Атамекен” ҚР ҰКП ұсынған жабық үлгідегі 30 сұрақтан тұрады.

 

Кәсіпкерлік диктантқа қатысу үшін өтінімді толтыру үшін сілтеме бойынша Google-нысанда жіберу қажет немесе төмендегі QR кодын сканерлеу арқылы.

 

“Тұран” университеті, “Атамекен” Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстандық маркетинг қауымдастығы және әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институты сізді 2022 жылғы 12-15 желтоқсанда (Алматы қ.) өтетін Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған екінші республикалық кәсіпкерлік диктантқа қатысуға шақырады.

 

2022 жылғы 12 желтоқсанда өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайыңызға (сіз дұрыс енгізген және қолданыста болған) кәсіпкерлік диктанттан өту үшін сілтеме жіберіледі, ол конкурсты өткізудің барлық кезеңі ішінде 2022 жылғы 15 желтоқсанға дейін қол жетімді болады. Электрондық пошта мекенжайын дұрыс толтыруды сұраймыз.

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

 

Дарьдана Маратовна Дадабаева

Тел. +7 707 102 9088, E-mail: d.dadabayeva@turan-edu.kz

Мадина Маратжановна Абайдуллаева

Тел. +7 701 355 2216, E-mail: m.abaidullayeva@turan-edu.kz

Ералина Эльмира Маратовна

Тел. +7 707 819 2360, E-mail: e.eralina@turan-edu.kz

 

Толық хатты ашыңыз
Online қабылдау